Қызылорда облысында 6 мың түлек сегіз тестілеу орталығында ҰБТ тапсырады

Облыстық білім басқармасы бекіткен жоспарға сәйкес 82 аудиторияға санитариялық-дезинфекциялық талаптар белгіленген.
ҰБТ өткізу пунктерінде тестіленушілер, мемлекеттік комиссия мүшелері, кезекшілер тепловизормен тексеріледі.
Медициналық пунктінің жұмысы ұйымдастырылып, санитайзермен, аяқ киімге арналған дезинфекция кілемшелерімен қамтылған.
Сонымен қатар, тестіленушілер арасындағы арақашықтықты сақтау - ҰБТ өткізу пунктіне кірер кезде және аудиторияға отырғызу кезінде маңызды шарт.
Тестілеу өткізу ғимараттары мен аудиториялары алдын ала дезинфекцияланады.
Адамдар арасындағы арқашықтықты сақтау үшін баррикадалық жолақтар қарастырылуы керек.
Дене температурасы 37С және одан жоғары болса, ЖРВИ немесе коронавирус инфекциясының клиникалық белгілері байқалса, анамнезінде КВИ жұқтырған адаммен байланыста болғаны дәлелденсе, соңғы 14 күнде шетелге барып келгені анықталса, ол қатысушы арнайы мамандандырылған көлікпен денсаулық сақтау ұйымына жеткізіледі.
www.kazinform.kz