Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада коронавируспен күресте нәтижелі жұмыстар атқарылды

Қызылордада коронавируспен күресте нәтижелі жұмыстар атқарылды

Қызылорда облысында коронавируспен күрес бағытында облыстық аурухана мен психикалық денсаулық орталығының мамандары қажырлы еңбек етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Пандемиямен күресте көпбейінді облыстық аурухананың фильтр бөлімінде 180 төсек орын дайындалған. Оның ішінде жаңсақтау палатасында 20 төсек орын және ота залы жабдықталды. Сондай-ақ, фильтр және қабылдау бөлімдерінде 150 медицина қызметкері жұмыс істеді.
«Ауруханада 15373 науқас емделді. Оған қоса пандемия кезінде 30 орынға арналған инфекциялық бөлім ашылып, 87 науқас ем алды. Қабылдау және фильтр бөлімдеріне 144 дана орталықтандырылған оттегі жүйесі орнатылды. Мұнан өзге, облыстық аурухананың материалдық-техникалық базасы жаңа заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толықтырылды. Яғни, 326 оттегі розеткасы, цифрлық жылжымалы рентген, «С-дуга» рентген-аппараттары, 3 наркоз және жансақтау төсек орыны, 9 ИВЛ аппараты алынды», - деді көпбейінді облыстық аурухананың бас дәрігері Нұридин Амитов.
Мұндай жұмыстар облыстық психикалық денсаулық орталығында да жүзеге асты.
«Індет өршіген уақытта облыстық психикалық денсаулық орталығына қарасты «Сейхун» провизорлық стационары ашылып, 1 ай жұмыс істеді. 1000-ға жуық науқасты қабылдап, медициналық көмек көрсеттік», – деді облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Гүлайым Сейілханова.
Естеріңізге сала кетелік, Қызылордада жыл басынан бері 114 адам коронавирус жұқтырған.

inform.kz
24 қаңтар 2021 ж. 319 0