Армениялық көлік тізгіндегендер екі елге де салық төлейді
Армениядан әкелінген көлікті уақытша тіркеу үшін берілген уақыт Қазақстанда биыл 1 наурызда аяқталады.
Бірақ екі елдің қайсысы көлік иелерін салықтан босататынын ресми шешкен жоқ.
Қазақстан тарапынан Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары Армения үкіметіне ұсыныс айтқан.
«Армения тарапына екі рет ұсыныс айттық. Бірақ олар әлі жауап бермеді. Бастапқыда келіссөз кезінде Армения премьер-министрі осы мәселені реттеуге ауызша келісім берген еді. Бірақ Әзірбайжанмен болған жанжал салдарынан іс ұзаққа созылып кетті. Қазір біз олар оң жауап береді деп күтіп отырмыз», – дейді Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары.
Мәселе әлі шешілмегендіктен, Қазақстанда армениялық нөмірмен көлік жүргізіп жүргендер екі елге де салық төлеуге міндетті.