2021 жылы Қызылорда облысында 644,7 мың шаршы метр үй беріледі
Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президенттің қызылордалықтарды үймен қамтамыз етуге қатысты қойған сұрағына жауап берді.
Облыс әкімінің айтуынша, өткен жылы пандемия жағдайына байланысты қазіргі таңда кредиттік үйлерге сұраныстың азаюына байланысты көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда кем болды.
609 мың квардат үй берілді. Енді кезекте тұрған 30 730 адам бар. Оның ішінде «Отбасы банкінде» тұрған салымшылар саны тек қана 8 мың адам. Олардың тек 600-і ғана алғашқы жарнасын төлеуін растап отыр. Осындай проблемалар бар. Дегенмен біз биыл 644,7 мың шаршы метр үй беріледі деп жоспар құрып отырмыз. Оның ішінде ең алдымен Қызылорда қаласы және аудандар бойынша арнайы үй салу инфраструктуралар дайындап қойдық. Екіншіден, Үкіметпен бірге бағдарламаларға байланысты арендалық үйлер мен кредиттік үйлерге байланысты қаржыны белгілеп, осы бойынша жұмыс істейміз, - деді әкім.
baq.kz