Қызылорда: Бұрынғы полиция қызметкері түрмеден өзіне жайлы камера іздеп жүр (ВИДЕО)

Желіде тараған жазбада екі азамат уақытша ұстау изоляторының дәлізінде әр камераның есігін бір ашып жүр. Құдды бір ыңғайлы камераны күдіктінің өзі таңдап жүргендей.
Бұл көріністегі полицейдің қасындағы жан жақында ғана пара алды деп күдікке ілінген ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары делінген ақпарат желіде тарады.
Бірақ полиция департаменті шендінің күдікті ретінде ұсталғанын растағанымен, видеодағы азаматтың кім екені әлі белгісіз екенін айтады. Қазіргі кезде осыған қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
kyzylorda-news.kz