Қызылорда: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 111 жоба мақұлданды

Бетон құбыры, жем-шөп өнімі, кондитерлік және жиһаз өндірісіне бағытталған жобалар бар. Сондай-ақ, қолдау тапқан жобалардың 76-сы мал шаруашылығын дамытуға арналған.
«Бүгінде қосымша 2,3 млрд. теңге құрайтын 9 жобаның өтінімі қаржы институттарының қарауында, қалған 42 жобаның құжаты жинақталуда. Облыс бойынша жобаларды іске асыру бағытында жұмыстар жасалуда», – деді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев.
Айта кетейік, аймақта «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» шеңберінде жалпы 40 млрд. теңгені құрайтын 291 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асты.
kyzylorda-news.kz