Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Конкурсқа қатыстырамын»: Қызылордада жұртты алдаған алаяқ ұсталды

«Конкурсқа қатыстырамын»: Қызылордада жұртты алдаған алаяқ ұсталды

Қызылорда қаласы Полиция басқармасына қаланың екі азаматшасынан бірдей арыз түскен.

Арызда бір ер азаматтың 2020 жылдың қыркүйек айында «кәсіпкерлікті қолдау» орталығында конкурсқа қатысу үшін әр қайсысынан 600 000 теңгелерін алдап алғанын көрсеткен.

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бұрын сотты болған 34 жастағы азамат анықталып, ұсталды. Ол облыс орталығының тұрғыны екені белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті тергеу изоляторында қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1, 3-бөліктерімен (ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

08 ақпан 2021 ж. 366 0