Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада оқушыларға әскери оқу орындарына түсуге бағдар берілді

Қызылордада оқушыларға әскери оқу орындарына түсуге бағдар берілді

Қызылорда гарнизонындағы Қызылорда қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының Қызылорда қаласы білім бөлімінің И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейіне жауапты офицері мектеп түлектерімен əскери оқу орындарына түсу жолдары бойынша кəсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Мектептегі кездесу кезінде Қызылорда қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының өкілі мен мектептегі алғашқы əскери дайындық пəнінің мұғалімімен бірлесе əскери оқу орындарына оқуға қалай түсу жолдары, қабылданатынын құжаттары мен қай уақыт аралығында оқуға тапсыруға болатындығы түсіндірілді. Қажетті мəліметтерді ойларына түйген мектеп оқушыларына ҰБТ-да қанша ұпай жинап, əскери оқуға қатысты қандай пəнді таңдау туралы да айтылды.
«Еліміздің əскери оқу орындарында білім алып жүрген Сыр елінің азаматтары аз емес. Олармен жолығып, сөйлесу кезінде сол оқып жүрген азаматтардан оқу барысының өте қызықты əрі жоғары екенін жиі естиміз. Керекті білім алу үшін барлық жағдайлар қамтамасыз етілген. Әскери институтты бітірген түлектер мамандықтарына сай жұмыстармен қамтамасыз етіледі», - деді Қызылорда қаласының ҚІЖБ бастығының тəрбие жəне идеологиялық, əскери-патриоттық жұмыстары жөніндегі орынбасары, аға лейтенант Бағдат Ахимбеков.
Əскери оқу орындарына түсу жолдары бойынша кəсіптік бағдар беру жұмыстары осы жылдың наурыз айының соңына дейін жалғасады. Моральдық-психологиялық жай-күйі мен дене дайындығынан жоғары нəтиже көрсеткен, ҰБТ-дан ең азы 50 балл, оның ішінде таңдалған математика мен физика пəндерін кемінде 7 балл жинап жəне медициналық тексеруден сау өткен үміткерлер Құрлық əскерлердің Əскери институты мен Əуе қорғанысы күштерінің əскери институтына жəне Радиоэлектроника жəне байланыс əскери инженерлік институтына және т.б. əскери оқу орындарына оқуға түсе алады.
Соңғы жылдары Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігінің əскери оқу орындарына түсуге өтініш білдірген азаматтардың саны артып келеді.
Мұхит ҚОНАРОВ,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, сержант

12 ақпан 2021 ж. 607 4

Маулен от 12 ақпан 2021 15:44
Өте керемет

Маулен от 12 ақпан 2021 15:45
жарайсындар

Сабит от 12 ақпан 2021 22:30
Тоқаев Жоғарғы сот судьясының ұсталуы туралы: Масқара жағдай болды

галым от 12 ақпан 2021 22:31
Дұрыс бағдар