Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұмауға қарсы екпелер КВИ-ға қарсы иммунитетті төмендетіні рас па?

Тұмауға қарсы екпелер КВИ-ға қарсы иммунитетті төмендетіні рас па?

ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК орталығының дәрігер-эпидемиологы, сарапшы Лена Қасабекова тұмауға қарсы екпелер КВИ-ға қарсы иммунитетке қалай әсер ететінін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ДДҰ КВИ басталғаннан бері тұмауға қарсы жыл сайын қауіпті топтардан тұратын адамдар егіліп жүрген. Ол біздің елімізде ондай егілетін адамдардың пайызы 10 пайызға жететін. Ал биылдан бастап пандемия басталғалы ДДҰ-дан оны 40 пайызға көтеру керек деген ұсыныстар келе бастаған.

«Себебі, осы тұмау секілді тура КВИ кезінде қауіпті топтар арасында жоғары сырқаттанушылық белгісі және жоғары асқынулар және өлім-жітім белгісі жоғары болды. Осы кезде тұмауға қарсы егілмеген адамдар тұмаумен ауырып, қосымша КВИ-ды жұқтырса, бұл көрсеткіш одан да көбейетін еді. Осы екі жұқпалы аурулардың қауіпті топтары бірдей болады. Олар, мысалы, медициналық қызметкерлер, 65-жастан асқан ересек адамдар. Олар қандай да бір созылмалы аурылары бар адамдар. Бұл негізінде, керісінше тұмауға қарсы вакцина бұл адамдарды тұмаудан қорғай отырып, коронавирустық және тұмаудың асқынуларын бірге жүруінен сақтайтын еді», – деді сарапшы.
Сарапшының сөзінше, барлық зерттеудің нәтижесінде тұмауға қарсы вакцина КВИ-ға қарсы иммунитетті мүлдем төмендетпейтіні дәлелденіп отыр.

kyzylorda-news.kz
14 ақпан 2021 ж. 293 0