Қазалыда балабақшаға ұрлыққа түскен тұрғындар ұсталды

Арызда кенттегі уақытша жұмыс істемей тұрған балабақшадан белгісіз біреулер тұрмыстық заттарын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге жалпы құны 1 миллион теңгеден аса залал келтірілген.
Аудандық полицейлермен атқарылған жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде кенттің 28 жастағы және бұрын сотты болған 35 жастағы тұрғындары анықталып ұсталды. Олардан айғақ заттар алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 баптың 2 бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
kyzylorda-news.kz