Қазақстанда -33 градусқа дейін суытады
Республиканың солтүстік жартысында түнде -15-33℃, оңтүстік өңірлерде 0,+5℃, кей жерлерде - 10-15℃ дейін суытады.
Қазақстанда қайтадан күн суытады, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«18-19 ақпанда Оңтүстік Каспий циклоны еліміздегі ауа райына ықпал ететін болады. Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын түседі, еліміздің солтүстік өңірінде қар жауып, бұрқасындатады. 19 ақпаннан бастап еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Республиканың солтүстік жартысында түнде -15-33℃, оңтүстік өңірлерде 0,+5℃, кей жерлерде -10-15℃ дейін суытады. Жекелеген аудандарда тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді», – делінген хабарламада.
aikyn.kz