Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Несиені қалай арзандатуға болады?

Несиені қалай арзандатуға болады?

Бүгінде несие төлемін жеңілдетудің бірден бір жолы қайта қаржыландыру екені белгілі. Төменгі мөлшерлемемен қайта қаржыландыруды қалай өзіңізге ыңғайлы етіп жүзеге асыруға болады? Банктің бұл өнімін рәсімдегенде неге көңіл бөлген жөн? Бұл туралы біздің дайындаған материалымыздан оқи аласыздар. қайта қаржыландыру

Қайта қаржыландыру немесе қайта несиелендіру дегеніміз банктің несие алушыға алдыңғы қарыздарын жартылай немесе толығымен өтеу үшін ұсынатын өнімі. Қайта қаржыландыру арқылы несиенің шарттарын өзіңізге ыңғайлырақ етуге болады. Атап айтсақ, мөлшерлеме көлемін азайтып, несие мерзімін өзгертуге мүмкіндік аласыз. Сондай-ақ, бұл арқылы қарыз жарнасын азайту мүмкіндігі бар.

Несиені қайта қаржыландыруды қарыз алған банктен де, басқа қаржы ұйымынан да іске асыруға болады. Бір айта кетерлігі, қайта несиелендіруді өзге банктен рәсімдеу тиімдірек. Мәселен, кейбір банктерде басқа қаржы ұйымдарынан келетін клиенттерге арнайы ыңғайлы бағдарламалар қарастырылған.

Көп жағдайда қайта қаржыландыруды жүзеге асыратын банк қарыз алушының несие тарихына мән береді. Уақытылы несиесін төлеп, банкке өзге де ақпарат жайлы дер кезінде айтып отырған клиенттер қайта қаржыландыру рәсімдеуге оңай қол жеткізе алады. Дегенмен несие төлегенде мерзімін өткізіп алғандар мен несие тарихы жағымсыз азаматтарға да қайта қаржыландыруға үміттенуге болады.

Қарапайым тілмен айтқанда қайта қаржыландыру - шарттарды өзіңе оңайырақ етіп қайта несие алу.

Қайта қаржыландыру не үшін қажет?

Қайта қаржыландыру арқылы:

Несиенің мерзімін өзгерте аласыз: қажет болса қарызды қайтару уақытын ұзартуға немесе қысқартуға болады;
Несие сомасын азайтуға немесе көбейту мүмкіндігі қарастырылған;
Қызмет көрсетудің және мерзімінен бұрын қарызды өтеу шарттарын өзіңізге тиімді ете аласыз;
Төлем мерзімін өзгерте аласыз. Қайта қаржыландыру кезінде өткен несиенің мерзімін айдың басына, ортасына немесе соңына, өзіңізге ыңғайлы күнге ауыстыруға болады.
Қоса қарыз алушыдан немесе кепілгерден бас тарта аласыз.
Қайта қаржыландыруды қай кезде рәсімдеген жөн?

Қарыз мөлшері азайса

Қайта қаржыландыруды бұрын алынған несие мен жаңа несиенің арасындағы қарыз мөлшерлемесінің айырмашылығы едәуір болғанда рәсімдеген ұтымдырақ. Бұны, әсіресе, ипотекалық заемді қайта несиелендіру кезінде ескерген жөн. Өйткені қарыз сомасы үлкен болған сайын, жеңілдік көлемі де тиімдірек болмақ.

Кепілдегі үйді сатқыңыз келсе

Ипотека кезінде немесе қомақты несие алғанда қарыз беруші банк үйіңізді кепілдікке алуы мүмкін. Осы жағдайда сіз банктің шектеуінен құтылу үшін басқа қаржы ұйымынан қайта қаржыландыруға жүгіне аласыз.

Мәселен, Сбербанк Қазақстанда бұрын басқа банктен алған қарызыңыздың 70%-ына дейін қайта қаржыландыруға болады. Мерзімі 10 жылға дейін банк ұсынатын қайта несиелендіруді рәсімдеу үшін несиегердің жалақысы 60 мың теңге болғаны жеткілікті.

Сбербанк Қазақстанда несиені қайта қаржыладырудың артықшылықтары:

Несиеңіздің ай сайынғы төлемі азаяды;
Қайта несиелендірудің үшін комиссия 0%;
Төмен мөлшерлеме;
Жалақысын Сбербанк Қазақстанда алатын азаматтар үшін арнайы шарттар қарастырылған;
Несиені уақытынан бұрын жапқаны үшін айыппұлдың болмауы.
Егер басқа банктен алған несиенің ай сайынғы төлемі, комиссия көлемі мен мөлшерлемесі жоғары болса, Сбербанк Қазақстанда қайта қаржыландыру рәсімдеуге болады. Қайта қаржыландыру туралы толығырақ кеңес алу үшін Сбербанк Қазақстанның сайтында өтініш қалдыруыңызға болады.

Қайта қаржыландыруға жүгінбей тұрып не істеу керек?

1. Несиеңіздің шарттарын қарап шығыңыз

Несие келісімшартына көз жүгіртіп, несиені қашан, қандай мөлшерлемемен және оның қашан аяқталатынын көріп шығыңыз. Төлем жүргізу кестесін қарап, қарызыңыздың қаншасы қалғанын жазып алыңыз.

2. Басқа банктердің ұсыныстарын оқыңыз

Қайта қаржыландыруға байланысты әртүрлі банктердің бағдарламаларын шолып шығыңыз. Кейбіреулерінде мерзімі мен қаражаты жағынан шектеулер болуы мүмкін. Бұдан бөлек, несие рәсімдеген кезең мен қайта қаржыландырудың арасында біршама уақыт өтуі керек. Айта кетерлік жайт, қарыз сомасы аз болса қайта несиелендіру мүмкін емес.

3. Қайта қаржыландыруға кететін шығындарды есептеңіз

Егер сіз ипотека заемын қайта қаржыландыру туралы шешімге келсеңіз, құжаттарды қайта рәсімдеуге дайын болыңыз. Себебі коммуналдық төлемдер бойынша қарызыңыздың жоқтығы туралы анықтама алып, жылжымайтын мүлікке қайта бағалау жүргізіп, нотариус қызметіне жүгініп, сақтандыру болса, қайта жасатуға тура келеді. Сонымен қатар, егер сіз несиеге автокөлік алған болсаңыз, онда кепілді қайта рәсімдеу қажет болады.

4. Төлемдердің өзгеруіне мән беріңіз

Қайта қаржыландырудың келіп-кетер пайдасын анықтау үшін ай сайынғы төлем мен несиеге қосылатын үстемені есептеңіз. Бұл тұрғыда қазіргі таңда несиені онлайн есептеуге болатын калькуляторлар сізге қолғабыс болады.

Сіз бір мезгілде бірден бірнеше несиені қайта қаржыландыра аласыз. Мысалы, сіз әртүрлі уақытта үш түрлі банктен несие алып, оларды әртүрлі мерзімде төлеп жүрсеңіз, қайта қаржыландыру арқылы сіз бұл қарыздардың басын біріктіруіңізге болады. Сәйкесінше, сіз мөлшерлемеден ұтып, үш банкке төлейтін төлемді азайтасыз. Бұған қоса, егер несие белгілі бір мақсат бойынша, яғни автокөлік немесе пәтер алуға рәсімделген болса, қаражат тікелей сатушы ұйымға аударылады. Мұндай несие қайта қаржыландырылса, қарыздың бір бөлігі несиегердің қолына тиеді. Бұл, әсіресе, жаңа үйге жөндеу жұмыстарын жасағыңыз келсе, ұтымды болмақ. Яғни, сіз мөлшерлемені азайтып қана қоймай, жөндеу жұмыстарына деген ақшаға қол жеткізесіз.

Сонымен, қайта қаржыландыру рәсімдеу арқылы сіз алдыңғы несиеңіздің шарттарын жеңілдетеріңіз анық. Сол себепті банкке жүгінбес бұрын оның ұсыныстарымен танысып, мақсатыңызды айқындап алған жөн.

stan.kz

18 ақпан 2021 ж. 449 0