Жас теннисші ірі халықаралық турнирде үздіктер қатарынан көрінді
Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Алматыда өтіп жатқан WTT Youth Contender атты ірі халықаралық турнирде тағы екі медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.Дулат Ералхан U13 жас санатында финалға дейін жетіп, өзбекстандық Амир Шириевке жол берді. Осылайша отандасымыз күміс жүлдегер атанды.
Сондай-ақ, осы жас санатында Олег Яковлев қола медальға ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін Олег Яковлев пен Мария Лукьянова U15 жас санатындағы аралас жұптық сында үшінші орын алған еді.
Фото: massaget.kz









