Жексенбі күні ауа райы қандай болады?
21 ақпанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронтальды бөліктер өтетіндіктен ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде қар жауады, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады, тек шығыс және оңтүстік-батысында антициклон салдарынан күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп, солтүстікте жаяу бұрқасын соғады.
kyzylorda-news.kz