24 ақпанға арналған ауа райы болжамы
![](/uploads/posts/2021-02/medium/1614139151_pogoda-1.jpg)
24 ақпанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады.
Қар жауады, еліміздің солтүстігінде кей жерлерде түнде қалың қар түседі, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, күндіз шығысында қар аралас жаңбыр жауады, тек батыста антициклон ықпалымен күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады, оңтүстікте және солтүстікте жел күшейіп, жылдамдығы 30 м/с асып кетеді.
kyzylorda-news.kz