Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңды тұлғаларды қандай жағдайда қайта тіркеуге болады

Заңды тұлғаларды қандай жағдайда қайта тіркеуге болады

Қандай да бір тіркеу әрeкеттерін жүргізе отырып, әр кәсіпкерді «Оларды тіркеу керек пе? Қалай тіркеу керек? Компаниядағы сол немесе өзге өзгерістерді нормативті қалай бекіту керек?» деген сияқты сұрақтар мазалайтыны анық. Мақаладан заңды тұлғаларды қандай жағдайларда қайта тіркеу қажеттігін, қайта ұйымдастыру деген не екенін және аталмыш операциялар қалай жүргізілетіні туралы білесіз.
Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру – бұл заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорлық қатынастарына әкелетін заңды тұлғаның құқықтық жағдайының тоқтатылуы немесе өзге де өзгеруі.
Қайта тіркеу - белгілі бір әрекеттерді жүргізгеннен кейін тіркеу құжаттарына өзгертулер енгізуді тіркеу.
Қайта ұйымдастырудан қайта тіркеудің басты айырмашылығы жүргізілетін өзгертулер сипаты болып табылады. Мысалы, атауын өзгерткенде кәсіпорынды қайта ұйымдастырудың қажеті жоқ, бірақ міндетті түрде қайта тіркеу керек. Сондай-ақ егер қатысушылар/құрылтайшылар құрамы өзгерсе, ал кәсіпорын басқа заңды нысандарға біріккенде//қосу/бөлу/бөлiп шығару/қайта құру қайта ұйымдастыру қажет.
Егер қайта ұйымдастыруда жаңа заңды тұлғалар бөлінсе, оларды тіркеу қажет. Көбінесе, қайта ұйымдастыру нәтижесінде сондай-ақ қайта тіркеу талап етілуі мүмкін. Қайта ұйымдастыру және қайта тіркеу шарттарымен сіз төменде таныса аласыз.
Қаңдай жағдайда қайта тіркеу қажет
Азаматтық кодекстің 42-бабына сәйкес заңды тұлға мынадай жағдайларда қайта тіркеуге жатады:
•жарғылық капиталдың мөлшерін азайту;
•атауын өзгерту;
•шаруашылық серіктестіктеріне қатысушылардың құрамын өзгерту (бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйелерін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы шаруашылық серіктестігінің қатысушыларының тізілімін жүргізетін шаруашылық серіктестіктерін қоспағанда).
Филиалдар және өкілдіктердің атауы өзгерген жағдайда қайта тіркеуге жатады.
Заңды тұлғаны қайта тіркеусіз көрсетілген негіздер бойынша құрылтай құжаттарына енгізілген өзгертулер жарамсыз болып табылады.
Заңды тұлғаларды қайта тіркеу рәсімін тіркеуші орган жүзеге асырады. Заңды тұлғаны қайта тіркеу үшін сіз тіркеу орны бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-на жүгіне аласыз. Қайта тіркеу туралы шешімді қабылдауда білікті заңгерге жүгінген жөн. Кәсіпқой заңгер барлық қажетті операцияларды жиынтықта жүргізеді. Мысалы, жаңа қатысушыларды қабылдаумен мәмілелерді және құрылтайшылардың басқа өзгертулерінде немесе олардың үлестерінің мөлшерлерін жасауды алып жүруге көмектеседі, тиісті шешімдер, хаттамалар және өзгелерін құрастырумен жарғыға және құрылтай құжаттарына өзгертулерді сауатты енгізуге көмектеседі.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ заңды тұлғаны қайта тіркеуге арналған құжаттар тізімі:
•Нысан бойынша өтініш.
•Заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, филиал немесе өкілдік туралы ереже, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына толықтырулар және өзгертулерді енгізуді көздейтін мемлекеттік қайта тіркеу туралы шешім немесе шешімнен көшірме.
•Жеке кәсіпкерлік, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдарының/өкілдіктерінің субъектісіне жатпайтын заңды тұлға үшін енгізілген өзгертулер және толықтырулармен құрылтай құжаттарының ережелерінің 3 данасы.
•Жеке кәсіпкерлік, сондай-ақ акционерлік қоғамның субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның бұрынғы құрылтай құжаттарының түпнұсқалары, олардың филиалдары/өкілдіктері туралы ережелер.
•Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу немесе филиал/өкілдікті есептік қайта тіркеу үшін тіркеу алымын бюджетке төлеуді растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
А.Мендыбаева,
Арал ауданаралық әділет басқармасының бас маманы, ҚР Заңгерлер одағының мүшесі 
24 ақпан 2021 ж. 813 0