Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қанша қазақстандық медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған

Қанша қазақстандық медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған

Шамамен 16 млн қазақстандық немесе халықтың 84%-ы медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған – Б.ТөкежановШамамен 16 млн қазақстандық немесе халықтың 84%-ы медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған, деп «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Басқарма Төрағасы Болат Төкежанов Денсаулық сақтау министрілігің алқа отырысында мәлімдеді.
Оның айтуынша МӘМС жүйесіне енбегендердің саны 3 млн-нан асып жығылады: жарнаны тұрақты төлемегені үшін 1,6 млн адам мәртебеге ие болған жоқ, ал 1,4 млн тұлға бір жыл ішінде бірде-бір рет төлемеген.
«Жазда ай сайын 42500 алып жүрген кезде, жеке тұлғалар жаппай БЖТ төлей бастаған болатын. Солай жалғаса бергенде МӘМС жүйесі халықтың 92%-ін қамтитын еді. Халықты МӘМС жүйесіне енгізу үшін тыңғылықты жұмыс істеуді жалғастыру қажет - өңірлердің әкімдіктері "Атамекен" ҰКП, Мемлекеттік кірістер комитетінің аймақтық бөлімдері мен медициналық ұйымдарды жұмылдыра отырып, өңірлік штабтардың тиімділігін арттыруы тиіс. Бұл мәселеге әсіресе Қостанай, Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының әкімдіктері баса назар аударған жөн. Бұл өңірлерде медициналық сақтандыруға қатысушылар саны халықтың 80%-ынан аз», - деп атап өтті ӘСМҚ басшысы Болат Төкежанов.
2020 жылы медициналық сақтандыру жүйесіне жарналар мен аударымдар ретінде 550 млрд теңге түсті. Оның ішінде азаматтардың жеңілдікке ие санаттары үшін мемлекеттің төлеген үлесі - 297,6 млрд теңге немесе барлық түскен қаражаттың 54%-ы. Жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін 162 млрд теңге (29%) аударды.
Жұмысшылар 72,2 млрд теңге, жеке кәсіпкерлер 10,4 млрд теңге, азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген тұлғалар 2,3 млрд теңге, БЖТ төлеушілер 2,8 млрд теңге, өзі үшін төлейтіндер 2,3 млрд теңге аударған.
Өңірлерді алып қарағанда, МӘМС жарнасын төлеу бойынша Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы алда келе жатыр. Төлем көлемі ең төмен өңірлерге Батыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары жатады.

01 наурыз 2021 ж. 579 0