Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиацияны қолданудағы белсенді жұмыстар

Медиацияны қолданудағы белсенді жұмыстар

Тараптардың сотта және соттан тыс медиация тәртібімен татуласулары насихаттала отырып, Арал аудандық сотында күнделікті істер өндірістен медиация тәртібімен тоқтатылады.Мәселен, өткен аптада аудандық сотта 7-азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылса, 1-азаматтық іс партисипативтік рәсім тәртібімен аяқталған.
Олар қарыз сомасын өндіру, алимент өндіру, сондай-ақ жылжымайтын мүлікті ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі деп тану туралы азаматтық істер.
Аталмыш істерді сот талқылауына дайындау барысында, сотпен тараптарға дауларды татуластыру рәсімдері арқылы шешу құқықтары және оның құқықтық салдары түсіндірілген.
Осыдан соң, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеуге бет бұрып, сотқа өзара жасасқан медиативтік келісімдерін бекіту үшін ұсынса, партисипативтік рәсіммен аяқталған іс бойынша келісімге екі тараптың адвокаттары қол қойып, ұсынған.
Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдердің заңға қайшы келмейтіні, келісім шарттарының орындалуы басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтыны ескеріліп, келісімдер сот ұйғарымдарымен бекітіліп, істер бойынша іс жүргізу тоқтатылған. Төленген мемлекеттік баж алымдары талап қоюшыларға қайтарылған.
Мұның барлығы, тараптардың даудың соттан тыс шешілуіне қызығушылықтарының артып, татуластыру рәсімдерінің жүргізілу деңгейінің жоғарылағанын аңғартса керек.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі.
01 наурыз 2021 ж. 441 0