Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейсен Құранбектің ғасыр жасаған әжесі өмірден озды

Бейсен Құранбектің ғасыр жасаған әжесі өмірден озды

Марқұм Бейсен Құранбектің әжесі дүниеден озды. Қаралы хабарды Бейсен Құранбектің досы Серік Әбікенұлы фейсбук парақшасында хабарлады.Ғасыр жасаған, аштық, қуғын көріп аман қалып, бір әулеттің саясы болған апамыз қайтты. Бейсекең өстіп құшақтап, «Апа-ау, ақынның баласы келді!» – десе қос қолын созып маңдайдан сүюші еді. Одан кейін бата беретін. Баршаның тілеуін тілеп отыратын. Апа үшін Бейсені командировкада жүр… Ертең сағат 10.00-де, Қызылжар ауылында жаназасы шығарылады. Иманды болыңыз, апа!, – деп жазды Серік Әбікенұлы.
Марқұм Бейсен Құранбек ата-әжесінің баласы боп, өз әкесін «аға», анасын «тәте» деп өткен.

baq.kz
03 наурыз 2021 ж. 460 0