"Өмір жалғасады": Жансақтау бөлімінен шыққан Бейсен Құранбек қазіргі жағдайын айтты

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
Бейсен Құранбектің сөзінше, оны мазалаған жарадан қан кету тоқтап, жағдайы жақсарып қалған.
"Асқазан жарасының қанауы тоқтады. Гемоглобин 100-ден асты. Өмір жалғасады" , - деп жазған журналист.Бұл жазбасымен ол өзінің денсаулығы үшін алаңдаған оқырмандарын сабырға шақырмақ болса керек.
Жүргізушінің жазбаларына көпшілік оған тез сауығып кетуін тілеп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Бейсен Құранбектің өзінің жанын аман алып қалған дәрігерлерге алғыс айтқаны жөнінде жазған болатынбыз.
kaz.nur.kz