Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қази аға

Қази аға


Бар тылсымын бойына тыққан барқан,
Қасиеті сол құмның жұққан дарқан.
Қази аға, бәсіңіз биік тұрар,
Қарақұмның ішінен шыққандардан.

Жанарыңды құмдағы ізге қадап,
Талай ойда болдың-ау, іздеп абат.
Бір ауылдың арманшыл бүкіл жасы,
Бой түзеді әуелі сізге қарап.

Қолдан келсе жақсылық елге қылдың,
Аманатын ақтадың сенген ұлдың.
Қол қалт етсе шаруадан кітап оқып,
Осы көптің ішінде мен де жүрдім.

Енді бола береді ол – аңыз адам,
Сияқтанар бар бала қарыз оған.
Жылдар жылжып аққанда жарқырайды,
Биіктейді қашанда тау ұзаған.

Әйгіледі Қарақұм, таныс белді,
Ойы озықтар талап қып арысқа ерді.
Уақыт озып, орнынан құм көшкенмен
Кете берер атағың алысқа енді.....

Ақдидар ӘЛІБЕКҚЫЗЫ
08 наурыз 2021 ж. 547 0