Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » WhatsApp кейбір телефондарда жұмыс істемейді

WhatsApp кейбір телефондарда жұмыс істемейді

WhatsApp мессенджері iPhone-ның ескі модельдерінде жұмысын тоқтатады, деп хабарлады WABetaInfo порталы.
iOS-ке арналған қосымшаның соңғы бета-нұсқасында iOS 9 және одан төмен операциялық жүйе орнатылған құрылғыларға қолдау көрсету тоқтатылды. WhatsApp-тың ресми ресурсында бұл ақпарат әлі расталған жоқ.

Қазіргі уақытта мессенджер қолдау жасайтын iPhone-ға арналған операциялық жүйелердің ресми тізімінде iOS 9 немесе одан жаңа нұсқалары бар.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мессенджер жоғарыда аталған iOS 9 немесе Android 4.0.3-ке дейінгі операциялық жүйені жаңартпан қолданушылардың құрылғыларында жұмысын тоқтатқан болатын.

kyzylorda-news.kz
09 наурыз 2021 ж. 241 0