Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Арзан пәтер алуға көмек беремін»: қызылордалық алаяққа сеніп қалды

«Арзан пәтер алуға көмек беремін»: қызылордалық алаяққа сеніп қалды

Қызылордада қала тұрғыны арзан бағамен пәтер сатып алуға болатынына сеніп, алаяққа кезігіп қалды.
Полицияға алаяқтық туралы өтінішпен 50 жастағы жергілікті тұрғын арызданды. Ол қаладағы көпқабатты үйлердің бірінен пәтерді қол жетімді бағамен сатып алуға көмектесуге уәде берген алаяқтың құрбаны болғанын айтты. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 700 000 теңгені құрайды.

Полицейлер күдіктіні анықтады. Ол бұрын сотты болған, 1987 жылы туған облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық, яғни алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен бөтеннің мүлкін ұрлау немесе бөтеннің мүлкіне құқық алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының басшылығы азаматтарды аса сақ болуға және бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады.

kyzylorda-news.kz
16 наурыз 2021 ж. 443 0