Үш облыстың жолы жабылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің фейсбуктегі мәліметіне сүйенсек, таңғы сағат 09.30 сағатта Ақмола облысында бұрқасын және жолдың көрінбеуі салдарынан Нұр-Сұлтан – Петропавловск жолының 18-231 шақырымында, Нұр-Сұлтан-Щучинск жолында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Ақтөбе облысында қар, бұрқасын және жолдағы көрудің нашарлығынан сағат 09.10-да Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 97-250 шақырымында, Қандыағаш-Қарауылкелді тас жолында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын салдарынан таңғы сағат 08.20-да Алматы-Өскемен, 971 1048 шақырымында, Қалбатау-Ұлан ауылының бұрылысына дейінгі жолға көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
baq.kz