Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 22 наурызға арналған ауа райы болжамы

22 наурызға арналған ауа райы болжамы

22 наурыз күні Республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын жауып, екпінді жел тұрады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда жаяу бұрқасын күтіледі. Республиканың жекелеген жерлерінде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батысында найзағай болжанады.

Атап айтқанда, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, 15-23 м/с екпінде жел тұрады. Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында сондай-ақ жаяу бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қостанай облысында күндіз желдің күші 15-20 м/с артуы ықтимал.

Алматы облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады. Жалаңашкөл аумағында желдің күші 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман болады.

Маңғыстау облысының жекелеген аумағында найзағай күтіледі. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, желдің күші 15-20 м/с, түнде кей жерлерде – көктайғақ күтіледі.

kyzylorda-news.kz
22 наурыз 2021 ж. 229 0