Шиеліде 5 жастағы жоғалған бала табылды
22 наурыз күні таңғы сағат 06:00 шамасында Қызылорда облысы Шиелі ауданының кезекші бөліміне сол ауданда тұратын кәмелетке толмаған 5 жасар бала үйінен белгісіз бағытқа шығып, оралмағаны туралы хабар түсті.
Жоғалған баланы іздеу үшін аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері барлық полиция учаскелеріне бағыт-бағдар беріп, адамдар көп жиналатын орындарды, шатырлар мен қараусыз қалған ғимараттарды тексерді.
Полицейлермен жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында жоғалған бала аудан орталығынан табылып, аман-есен үйіне оралды.
Бүгінгі таңда баланың анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте, тәртіп сақшылары ата-аналарға кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу, ескерту, жол бермеу және олардың құқықтарын қорғау мақсатында бақылауды күшейту қажет екендігін ескертеді.
kyzylorda-news.kz