Сана тазалығы – қала тазалығы

Расында, мәдениеттілігімізді көрсететін тазалықтың адамзат баласы үшін орны ерекше. Сөйлеу шеберлігіміз жоғары, киіну, жүріп-тұру қағидаларымыз қалыптастақанымен, қоғамдық жерлерде тазалық сақтау арқылы көпшіліктің бағасына ие болатынымызды да естен шығармаған жөн. Ол үшін әрбіріміз осы тазалықтың төңірегінде жауапты екенімізді сезіну ғана жеткілікті. Сананың тазалығы арқылы қаланың тазалығына үлес қоса алатынымыз анық.
Мәселен, санамыздағы «тазалыққа жауапты адамдар бар» деген түсінікті терең ойлап көрейікші. Расында солай. Десе де олардың еңбегін бағалау – бәріміздің ар алдындағы, қоғам алдындағы міндетіміз. Осыдан кейін-ақ тазалыққа тек арнайы мекеме қызметкерлері ғана емес, барлығымыз жауапты екенімізді біле аламыз. "Көп түкірсе көл боларын" ертеден-ақ айтып кеткен халық даналарының сөзі біріксек қана жетістікке жетерімізді бейнелеп тұр емес пе?!
Тұрғындар денсаулықтың кепіліне айналған аула, көше, қала тазалығын сақтау арқылы өзі үшін салауаттылыққа жол ашады. Ұрпағымыздың бақытты өмір сүруі үшін бүгіннен бастап жауапкершілікті сезіне білейік.
Жақсыбай ЖҰҚАБАЕВ,
Т.Тоқтаров және М.Өтемісұлы көшелері көше комитетінің төрағасы