Жемқорлықпен күрес толастамайды

Жалпы, біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап әлемдік стандарттарға сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жүзеге асырылып келеді. Сыбайлас жемқорлықтың көріністерін жою мақсатында заңнамалық актілер қабылданды. Рұқсаттар мен мемлекеттік қызметтердің алынуын жеңілдету үшін электронды үкімет пен электронды сандық қолтаңба, «бір терезе» қағидаты енгізілді. Қазіргі таңда аудан көлемінде де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жолын кесу мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. Өз кезегінде біздің қызметкерлер жоғарыда аталған жемқорлықтың салдарымен түгелдей таныс. Ұдайы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады.
Осылайша, сыбайлас жемқорлықпен бірігіп күресер болсақ, біздің мемлекетімізде қауіпті кеселді түп-тамырымен жоюға мүмкіндігіміз бар.
А.ӘБИЕВА,
аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі