Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдау – жемқорлықсыз болашақты қолдайды

Жолдау – жемқорлықсыз болашақты қолдайды

Қазіргі таңда басты мақсатымыз жемқорлықтың түп тамырына балта шабу, жең ұшынан жабысқан сыбайластың жолын кесу баршамыздың абыройлы ісіміз, азаматтық парызымыз, адамдық қасиетіміз болуы тиіс. Баршамызға сыбайлас жемқорлықты жою жолында бір кісідей атсалуымыз қажет. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей кез келген адам мұндай кеселмен бетпе-бет келген жағдайда ол туралы тайсалмай тиісті органдарға дереу хабарлау керек. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жемқорлық дерті дамушы елдердегідей біздің мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Осы себептен Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы сыбайлас жемқорлықпен  күресу болып табылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауында халықтың өміріне әсер ететін барлық салаларға тоқталып, мәселелерді шешу және дағдыны дамыту бойынша бір қатар тапсырмалар берді. Оның ішінде біз сөз етіп отырған сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі төңірегінде қолға алынатын жаңа бастамалар да бар. Президент Жолдауда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін енгізген жөн деп санаймын. 2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілердің, депутаттардың, судьялардың шетел банктерінде есепшотқа ие болуы, қолма-қол ақша және бағалы заттар сақтауына қатысты жемқорлықпен күрес аясында жаңа шектеулер енгізу керек»-деді.
Жолдауда айтылған «Қоғамдық бақылау туралы» Заңының қабылдануы азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдарды сыбайлас жемқорлық пен бюрократияға қарсы жүйелі турде әрекет етуге барынша кең ауқымда тартуға нақты серпін береді.
Жолдау аясында айтылған маңызды жайт-мемлекеттік қызметкердің немесе квазимемлекеттік мекеме басшысының қос азаматтығы анықталған жағдайды олардың  қызметтен босатылатыны.
Президент Жолдауы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жаңа серпін беріп отыр. Жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар аз емес және жоспарларда көп
Өткен 2020 жылы Арал аудандық сотында осы санатта іс қаралмаса, осы 2021 жылдың 3 айында 1 іс 1 адамға қатысты қарылып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Көбінесе сыбайлас жемқорлыққа  адамдардың заң талаптарын  білмеуінің салдарынан жол беріледі. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтындығын  көпшілік ескере бермейді.
Қазақстан Республикасының ҚК-нің 366-бабында көзделгендей пара алғанда және Қазақстан Республикасының ҚК-нің 367-бабында көзделгендей пара бергенде қылмыстық жауапкершілік көзделген. Яғни жемқорлық туралы айтқанда тек пара алушыларды жою арқылы жеңуге болмайды. Ол үшін пара беруге ниетті жандардың да санасына саңылау түсіріп, жегі құрттың етек жаюына өзінің де ықпал етіп отырғанын жан-жақты түсіндірген маңызды. Адамдардың көбі пара беру мен сыбайластықты түсінбейді. Алайда пара алу мен пара берудің қылмыстық жауапкершілігі тең деп айтуға болады.
        Сыбай­лас жемқорлыққа қарсы күресті ұтымды жүргізсек, әр саладағы түйткілді мәселелерді жойып, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарта аламыз.
А. Б. БОЛАТБЕКОВ,
Арал аудандық сотының бас маман-аға сот приставы
31 наурыз 2021 ж. 454 0