Қызылордада күшті жел соғып, найзағай ойнайды
4 сәуірде Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүтігінде екпіні 16 м/с жетеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Бүгін таңертең және күндіз Қызылорда қаласында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып жел соғады, екпіні күндіз 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
4 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Бүгін түнде және таңертең Оралда тұман түсуі мүмкін.
4 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
4-5 сәуірде Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
kyzylorda-news.kz