Ертең бес облыста жел күшейіп, жауын жауады

24 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде қатты нөсер немесе бұршақ жауады, найғазай жарқылдайды, тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Сол күні Көкшетау қаласында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15 м/с жетеді.
24 сәуірде Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Жел шығыстан батысқа ауысады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Сол күні Жезқазған қаласында найзағай күтіледі. Жел шығыстан батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
24 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, шаңды дауыл соғады. Күндіз кей жерлерде бұршақ күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде жаңбыр жаууы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
24 сәуірде күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, күндіз нөсер кезінде екпіні 25 м/с жетеді.
Сол күні күндіз Павлодар қаласында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
24 сәуірде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
Сол күні Петропавл қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.