Басты мақсат – алдын алу

Бүгін де топ мүшелері арнайы дыбыс күшейткіш құралдары арқылы әрбір аумақ бойынша шектеу шараларын үздіксіз хабарлады. Рейд барысында карантин талаптарын сақтау, бетпердесіз демалыс алаңдарында, дүкендер мен адам көп шоғырланатын жерде жүрмеу туралы ескертті.
– Коронавирус талаптарын сақтамау көріністері жиі кездесетіні рас. Бұл бағытта жекелей тұрғындарға мән-жайды түсіндірудеміз. Өкінішке орай, халықтың амандығына негізделген ортақ мүддеге әлі де немқұрайлы қарап, құлақ аспайтындар жоқ емес, – дейді сала мамандары.
Осыған орай жұмысшы топ мүшелері өңірімізді қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалды ескере келе аудан тұрғындарын қауіпті індеттің таралуының алдын алуда зор жауапкершілік танытып, енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырды.
"Толқын" ақпарат