Сотқа дейінгі іс жүргізу барысындағы тергеу судьясының өкілеттіктері

Сондай-ақ, тергеу судьясы анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің және прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды, тез бұзылатын немесе қылмыстық істі мәні бойынша шешкенге дейін ұзақ сақталуы елеулі материалдық шығындарды қажет ететін заттай дәлелдемелерді өткізу мәселесін, сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жәбірленуші мен куәның айғақтарын сақтауға қою мәселесін, адвокаттар мен прокурорларды қоспағанда, сотқа дейінгі іс жүргізуде процестік міндеттерді орындамайтын тұлғалардан ақшалай өндіріп алуды қолдану, прокурордың ұсынуымен іс бойынша процестік шығындарды өндіріп алу мәселесін және өзге де мәселелерді өз құзыреті шеңберінде қарайды.
Қылмыстық процеске тергеу судьясын жаңа тұлға ретінде енгізу дамыған елдердің халықаралық талаптарға сай келетін озық қылмыстық-процестік заңдарын зерделеудің нәтижесінде қолға алынған. Барлық халықаралық стандарттарға сай келетін дамыған батыс елдерінің қылмыстық-процестік заңдарында тергеу судьясы қылмыстық процеске қатысушы тараптардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын
қорғауда ерекше рөл атқарады. Адамдардың туғаннан пайда болған мызғымас құқықтары – еркін өмір сүру, жеке басына қол сұғылмаушылық, заң алдындағы теңдік, еркін өзі таңдаған мамандықпен, кәсіппен айналысу, бас бостандығы т.б. конституциялық құқықтары тек ерекше жағдайларда тергеу судьясының келісімімен ғана шектеледі.
Ағымдағы жылдың осы кезеңінде аудандық сотта тергеу судьясымен күзетпен ұстауды санкциялау туралы 7 өтініш, алуды санкциялау туралы 4 өтініш қаралған.
Заң жұмыс істеген аз мерзімнің өзінде, тергеу судьясын қылмыстық-процестік заңымызға жаңа тұлға ретінде енгізу қылмыстық процеске қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше қорғауға жасалған оң қадам екендігін дәлелдеп отыр.
Н.Бекетаев
Арал аудандық сотының
судьясы
судьясы