Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медициналық қызметтердің көлемі 42%-ға артады

Медициналық қызметтердің көлемі 42%-ға артады

Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесін іске асыруды ескере отырып, қымбат тұратын медициналық қызметтер көлемі 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен 42%-ға ұлғаяды, бұл олардың халық үшін қолжетімділігін едәуір жақсартуы тиіс.
Егер 2021 жылы медициналық сақтандыру қоры 950 мыңға жуық қымбат медициналық қызметті қаржыландыруды жоспарласа, 2025 жылға қарай олардың саны 1 355 мыңға дейін артады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) есебінен қымбат тұратын медициналық қызметтердің қолжетімділігі мәселелері талқыланды.
Қазіргі уақытта бірқатар өңірлерде медициналық ұйымдардың техникалық жарақтандырылуының төмен болуына байланысты халық үшін осы қызметтерге қолжетімділік деңгейінің төмендігі байқалуда. Қолжетімділіктің ең төмен деңгейі Түркістан, Қостанай, Ақтөбе және Алматы облыстарында байқалады. Денсаулық сақтау министрлігінде атап өткендей, Қостанай, Алматы және Түркістан облыстарының әкімдіктеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қосымша жабдықтар сатып алып, инвестицияларды белсенді тарту қажет болып табылады.
«Әрбір емхана өзінің бекітілген халқын қымбат қызметтерге бағыттау жөніндегі жоспарларды анықтауы, сондай-ақ пациенттердің қызметтерді уақтылы алуы үшін маршрутын белгілеуі тиіс. Мерзімі 10 күннен аспауы керек. Онкологиялық ауруларға күдік туындаған кезде әлеуметтік маңызы бар және созылмалы аурулары бар пациенттерді қымбат тұратын қызметтермен қамтамасыз ету маңызды», - деп атап өтті ҚР ДСМ МӘМС үйлестіру департаментінің директоры Гүлжан Шайхыбекова
Қымбат тұратын қызметтердің қолжетімділігін арттыру жөніндегі отырысқа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Отырыс барысында Министрлік медициналық сақтандыру қорына, Денсаулық сақтау басқармаларына, медициналық ұйымдар мен учаскелік дәрігерлерге арналған іс-шаралар жоспарын ұсынды. Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін барлық мүдделі ұйымдардың үйлесімді жұмысы және медициналық ұйымдармен үнемі кері байланыс қажет, деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі.
Сонымен қатар, Гүлжан Шайхыбекова Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан берілген негізгі тапсырмаларға назар аударды.
Мәселен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың Денсаулық сақтау басқармалары халықтың қажеттілігін 100% қамтамасыз ету үшін қымбат тұратын қызметтердің тиісті көлеміне өтінімдерді уақтылы қалыптастыруды, өңірдің денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мониторингін, медициналық ұйымдар бөлінісінде қымбат тұратын қызметтердің 100% қолжетімділігін қамтамасыз ету мониторингін, олардың жоспарына сәйкес іс-шараларды орындауды қамтамасыз етуі қажет. Сондай-ақ, медициналық қызметтерге кезектердің пайда болуын болдырмау мақсатында МЖӘ объектілері мен жеке секторды тарта отырып, денсаулық сақтау объектілері бойынша пациенттерді бағдарлауды әзірлеу және ұйымдар мен халыққа жеткізу қажет;
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау субъектілеріне көрсетілетін қызметтер көлемін уақтылы орналастыруды, көрсетілетін қымбат тұратын қызметтердің көлемі мен сапасы бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуына мониторингті, қымбат тұратын қызметтердің қолжетімділігіне қатысты халықтың жүгінулеріне мониторингті және өңірлер бөлінісінде қымбат тұратын қызметтерді көрсету бойынша ақпарат ұсынуды жалғастыруы қажет;
Медициналық ұйымдар медициналық қызметкерлер арасында қымбат тұратын қызметтерді көрсету шарттары бойынша оқыту және түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қымбат тұратын қызметтерді көрсету бойынша бірлесіп орындау шарттарын уақтылы жасасу, жолдамаларды уақтылы ұсынуды ішкі бақылау және пациенттердің қызметтерді алуын бақылау қажет.
"Нұр Отан" партиясының "Өзгеріс жолы: әркімге лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасының осы іс-шарасының орындалуына мониторинг жүргізу тұрақты негізде жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша
филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
12 сәуір 2021 ж. 431 0