Қонаққа келген көршінің қолының сұғанағы бар боп шықты
Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері күдікті азаматшаны ізін суытпай қолға түсірді. Тексеру барысында оның көршісінің үйіне қонаққа келіп, қонақ бөлмеде қуат көзінде тұрған телефонды алып кеткені белгілі болды.
Күдіктіден ұрланған ұялы телефон айғақ зат ретінде алынды.
Қазіргі таңда оған қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабының 1-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтап жатыр.
Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
syrboyi.kz