Қызылордада сотталғандар екпе салдырды

«Екпе салдыруға қуана келістім. Өйткені осылай өзіңді де, өзгелерді де қорғайсың. Ешқандай жанама әсер байқалған жоқ. Ережеге сәйкес екінші вакцинаны 21 күннен кейін салдыртамын», – деді сотталғандардың бірі.«Бұған дейін жазасын өтеушілерге дәрігер мамандар вакцинаның маңыздылығы мен егу әдістері, одан кейінгі күтім мен сақтық шаралары туралы түсіндірді. Соның нәтижесінде 60-қа жуық адам өз өтінішімен вакцина пайдаланды», – деді департамент бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров.
syrboyi.kz