Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус жұқтырған әйел босанды

Коронавирус жұқтырған әйел босанды

COVID-19 індетіне шалдыққан 20 жастағы жүкті әйел дәрігерлердің көмегімен аман-есен босанды. Бұл туралы Түркістан облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ол Сайрам аудандық инфекциялық ауруханасына жүктіліктің 39 аптасында ЖРВИ симптомдарымен амбулаторлық қабылдауға жеткізілген.
Сынама нәтижесі оның коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Айы – күні толып, толғағы қысқан әйел мен оның сәбиінің өмірін аман алып қалу үшін шұғыл түрде білікті дәрігерлердің қатысуымен арнайы консилиум өткізілген.
Әйел аман-есен тұңғышын дүниеге әкелді. Нәрестенің салмағы 3 келі 400 грамм. Одан бірден коронавирусқа сынама алынды. Жаңа туған ұл бала анасынан оқшауландырылды. Тест қорытындысы нәрестенің бойынан COVID-19 инфекциясының табылмағанын көрсетті. Мамандардың айтуынша, сәбидің жағдайы жақсы. Жеке бокста, дәрігерлердің жіті бақылауында. Анасының да жағдайы бірқалыпты.
Айта кетейік, былтыр өңірде короновирус инфекциясын жұқтырған 122 жүкті әйел аман-есен босанған. Түркістан облысында жыл басынан бері 15 мыңға жуық сәби дүниеге келген. 2020 жылы өңірде 61 274 нәресте туылған.
Түркістан облысы бала туу көрсеткіші бойынша елімізде көш бастап тұр.

kyzylorda-news.kz
14 сәуір 2021 ж. 397 0