Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жерлестеріміздің күйлері антологияда

Жерлестеріміздің күйлері антологияда

Қазақ халқының текті өн­ер­інің бірі - күй. Күй - қа­зақтың жаны, қазақтың бол­мысы. Ғасырлар бойы хал­қымыз өмірге деген көз­қара­сын, таным-түсінігін осы бір музыкалық жанр арқылы ұр­пағына ұлағаттап отыр­ған.
«Ұлы даланың көне сар­ындары» жобасы - Қазақ­стан Республикасының Тұң­ғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» еңбегі көтерген бастамасымен «Рух­ани жаңғыру» мем­ле­кеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылды. Бұл антологияның ІІ томына қазақтың көне аспаптары шаң қобыз, саз сырнай, сыб­ызғы, қобыз, шертер, үш шек­ті домбыра сарындары және аймақтық күйшілік өнеріндегі домбыраға арналған халық күйлері мен кәсіби күйші-ком­позиторлардың туынды­лары енгізілді. Ұлттық музы­каның таңдаулы үлгілері бел­гілі өнерпаздардың орындау­ын­да нотаға түсіріліп, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі ғылыми-танымдық түсінік­темесімен берілген.
Кітаптың аудио жазбасы мен электрондық нұсқасы QR арқылы интернет қолда­н­у­шыларының баршасына қолжетімді.
Дала фольклоры мен муз­ыкасының мыңжыл­дық­тар­ын қамтыған жоба аяс­ын­да антологияға қазақ жерінің түкпір-түкпіріндегі осы өн­ердің саңлақтарының қатар­ында жерлестеріміз Мұрат Сыдықов пен Жұмабай Жақ­­ыптың күйлері енгізіл­ген.
Алаш жұртына аты бел­гілі Мұрат Сыдықов Ал­маты Мемлекеттік консерватория­сын бітіріп, бүкіл ғұмырын өнерге арнаған жан. Оның күйлері 1979, 1985 жылдары жеке күйтабақ болып шық­қан. Сонымен қатар «Арал толқындары» (1995), «Дом­быра-Жүрек жырлайды» (2008), «Жыр мәйегі - ма­қам» (2017), «Жырлайды Арал перзенті» (2017) атты жи­нақ­тары жарық көрген.
Антологияға компози­т­ор­­дың «Мұраттың төкпесі» күйі енгізілген. Өнер майтал­манының азаматтық болмы­сын, ішкі жан толқынысын көрсететін шығармасы клас­сикалық ту­ын­ды.
Белгілі қаламгер Жұма­бай Жақып - кешегі сал-сер­ілердің бүгінгі бір өкілі десек болады. Бойында бірнеше өнер тоғысқан қалам иесінің есімі елге танымал. Қазақ­станның Құрметті журна­лисі Жұмабай Жақып Сыр өңірінің күйшілік дәстүріне үлесін қосып келеді. Ол Шал Мырзаның көптеген күй­лерін насихаттаушы және кейінгі буынға жеткізуші­лердің бірі. Оның орындау­шылық өнері күй шығаруға ұласқан. Ол «Желмаялы Қорқыт», «Қособа», «Жыр­ау», «Жалғыз аққу», «Әке ақылы», «Қоңыраушы шал», «Ақын мен теңіз», «Ахау, құстар» т.б. күйлердің ав­торы. Антологиядан орын ал­ған «Салт атты сал жігіт» күйі де автордың ғажайып туындыларының бірі.
Жерлес өнерпаздары­мыз­дың осынау антология­дан орны алуы - Арал өңірі күйшілік өнерінің жемісі деп білеміз.
Ерғали АБДУЛЛА
17 сәуір 2021 ж. 395 0