Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сотқа жүгінушілер азайған

Сотқа жүгінушілер азайған

Арал аудандық сотының төрағасы К.Садуақасова 2021 жылдың 3 айында сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихаты «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы онлайн режимде болды.Баспасөз мәслихатында К.Садуақасова 2021 жылдың 3 айында аудандық сотпен атқарылған жұмыстар туралы баяндап, есепті кезеңде 15 қылмыстық іс, 148 азаматтық іс және 206 әкімшілік іс қаралғанын, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биыл қаралған істердің саны азайғанын, оның басты себебі, сотта және сотқа дейін тараптардың татуласу құқығын қамтамасыз ететін медиацияның әсері екенін жеткізді.
– Қылмыстық істер бойынша қаралған істердің басым көпшілігі орташа ауырлықтағы қылмыстар және қылмыстық теріс қылықтар болып табылатынын, нақтырақ айтқанда, ұрлық, есірткі заттармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу қылмыстары, көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы. Ал азаматтық істер бойынша қаралған талап арыздардың басым көпшілігін некені бұзу, заңдық маңызы бар фактіні анықтау, алимент өндіру , – деді аудандық сот төрағасы.
Сот төрағасының айтуынша, медиация тәртібімен 4 қылмыстық іс, 24 азаматтық іс тоқтатылған. 2 азаматтық істің партисипативтік рәсім тәртібімен, 2 азаматтық істің татуласу келісімдерін жасасумен аяқталғанын тілге тиек етті.
Сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сот процестерінің бұрыңғысынша сот залдарына тараптардың және басқа да процеске қатысушылардың іс жүзінде келуінсіз электрондық технологиялар көмегімен өткізіліп, істер мен арыздардың тек электронды түрде қабылданып жатқанынан хабардар етті.
Сонымен қатар сот төрағасы құқық қолдану тәжірибесіндегі соңғы жаңашылдықтарға тоқталып, мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін жаңа Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің ережелері жайында да айтып өтті.
Шара соңында К.Садуақасова журналистердің қойған сауалдарына жауап берді.
«Толқын» ақпарат
20 сәуір 2021 ж. 306 0