Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскери ұшақтың апатқа ұшырау себебі айтылды

Әскери ұшақтың апатқа ұшырау себебі айтылды

Қорғаныс министрлігі Қарағанды облысында апатқа ұшыраған СУ-30СМ ұшағының құлау ықтимал себебін айтты, деп хабарлайды egemen.kz
«Қарағанды облысында Су-30СМ ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру жөніндегі арнайы комиссия барлық ықтимал нұсқаны қарастырып жатыр. Солардың бірі-әскери борттың құстарға соқтығысуы. Құс соғылған кезде қозғалтқыш ажыратылады, ал егер бірнеше құс соғылған болса екі бірдей қозғалтқыш істен шығарылады. Авиацияда бұл ең қауіпті жағдай болып саналады. Өйткені ұшақтар қозғалтқыштардың кем дегенде біреуі жұмыс істесе, ұшуын жалғастырады және қауіпсіз қонады», – деді министрлік өкілдері.

Қазіргі таңда әуежайлар мен әскери аэродромдар құстарды қорқытатын құрылығлармен жабдықталған. Бұл үшін акустикалық зеңбіректер,пиротехника және басқа да әдістер қолданылады. Дүниежүзінде құстарға қатысты авиация мәселелері әлі толықтай шешіле қойған жоқ. Сондықтан қақтығыстар жиі орын алып тұрады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әлемде жылына 5 мыңнан аса әуе кемелерінің құстармен соқтығысу жағдайы тіркеледі екен.

«Ұшқыштар ұшақты басқару кезінде өміріне қауіп төнгенше қолдан келгеннің бәрін жасады. Ұшақ басқарылмай кабина түтінге толып, тұрғындардың өміріне қауіп төнбейтініне, сонымен қатар жердегі нысандар қирамайтынына көз жеткізгенде, ұшқыштар катапульт шешім қабылдады.

Ұшқыштар ұшақты соңына дейін сақтап қалуға және оны әскери бөлімнің арнайы құтқару бөлімшелері орналасқан әуеайлаққа қондыруға тырысты», деді министрліктегілер.

Еске сала кетейік, 16 сәуірде Қарағанды облысының Балқаш қаласындағы оқу авиациялық орталығында Су-30СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы апатқа ұшырағаны хабарланған болатынбыз.

Гаухар ҚАПАШ



Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/272322-askeri-ushaqtynh-apatqa-ushyrau-sebebi-aytyldy
© egemen.kz
21 сәуір 2021 ж. 312 0