Зияткерлік меншік заңмен қорғалады

Азаматтардың зияткерлік меншік обьектісі Конституция бойынша сақталады, заң жүзінде қорғалады. Біздің елімізде Қазақстан азаматтары мен қатар шетел азаматтарының да зияткерлік меншік құқығы заң алдында бірдей қорғалады. Сонымен қатар Қазақстан азаматтарының зияткерлік саласындағы жетістіктері ұйымға мүше елдердің бәрінде бірдей қорғалады.
Зияткерлік меншік құқығы біреудің меншігіне берілмейді және тек құқық иесінің келісімімен ғана пайдаланылады. Заңда белгіленген тәртіппен рәсімделген және материалдық тұлғаға көшірілген зияткерлік меншік нысандарының бәрі нарықтық тауар айналымында жүзеге асырылады, әрі материалдық емес құндылықтар түрінде есепке алынады. Зияткерлік меншіктің басты сипаттамасы меншікті пайдаланудың жеке құқықтарын тек зияткерлік меншіктің иесі, яғни автор ғана шамалай алуын мен оның рұқсатынсыз зияткерлік меншікті бөтен адам пайдалана алмауында.
Қазіргі уақытта зияткерлік қызметтің жаңа салалары пайда болуда. Міне, осыларды құқықтық қорғау үшін елімізде зияткерлік меншік туралы заң жұмыс істеу үстінде. Бұл – заман талабы. Атап айтар болсақ, Қазақстанда зияткерлік меншік объектілерінің құқығын қорғау «Авторлық құқық және аралас құқықтар туралы», Қазақстан Республикасының Патенттік, «Тауар белгісі, қызмет ету белгілері және тауарлардың шыққан жерлерінің атаулары туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қол қою туралы» заңдары жүзеге асыруда. Қолданыстағы Әкімшілік, Азаматтық және Қылмыстық кодекстерде Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің зияткерлік меншік мәселелерімен айналысатын уәкілетті мемлекеттік органы болып табылатындығы айтылған.
Сондай-ақ мемлекет тарапынан зияткерлік меншік құқығы саласын дамытуға жоғары деңгейде көңіл бөлінуде. Өйткені дүниежүзілік қауымдастықтың талаптарына жауап беру, дүниежүзілік сауда ұйымына кіру тәрізді маңызды мемлекеттік мақсаттарды жүзеге асыруда авторлық және сабақтас құқықтар мен өнеркәсіптік меншік саласындағы құқықтарды қорғау маңызды факторлардың бірі блып саналады. Сондықтан зияткерлік меншік келешекте мемлекет азаматтарының әл-ауқаттылығы деңгейін белгілейтін, құнды ресурс ретіндегі ауыз толтырып айтарлықтай маңыздылыққа ие болмақ.
З.Айтжанова,
Арал ауданаралық әділет басқармасының басшысы,
ҚР Заңгерлер одағының мүшесі