Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Назарбаев 2025 жылға қарай 20 миллион адамға жету туралы: Біз бұдан асып түсеміз деп ойлаймын

Назарбаев 2025 жылға қарай 20 миллион адамға жету туралы: Біз бұдан асып түсеміз деп ойлаймын

Тұңғыш Президент, Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының саны 2025 жылға қарай 20 миллион адамнан асады деп ойлайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1993 жылы Кеңес Одағы құлаған кезде адамдар не істеу керегін, өзін қалай ұстау керегін білген жоқ. Көптеген республикадан келген адамдардың ішінде бірі мұнда қалғысы келді, бірі қайтқысы келді. Біз кедергі жасамадық, еркіндік бердік. Қазақстаннан үш миллионға жуық адам кетті. Ол кезде халық саны 14 миллионға дейін қысқарды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы" сессиясында.

Ал бүгінде, Тұңғыш Президент Қазақстанда адам саны 19 миллионға жуықтағанын айтты.

"2025 жылға қарай 20 миллион болу керекпіз деген міндет қойдым. Менің ойымша, біз бұдан асып түсеміз. Ал өмір сүру ұзақтығы 67-ден 73,5 жасқа дейін ұлғайды", - деді ҚХА төрағасы.

Бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық ететін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтіп жатыр.
28 сәуір 2021 ж. 264 0