Бала үшін отбасындағы тәрбиенің маңызы зор

Бала тәрбиесінде басты ұран адалдық екені сөзсіз. Адал сүт еміп, адал ас ішкен баладан текті ұрпақ қалыптасады. Ал тектілік тұқым қуады. Сондықтан еңбекпен тапқан нананың адал боларын алдымен баланың санасына сіңдіру керек. Онсыз ұрпақ тәрбиеледім деудің астарында құр мақтаныш пен бос жұбаныш жатуы мүмкін. Біреудің көз жасына қалып немесе оңайдан келген олжаға ас алып, балаға беру тәрбие мен түп негіздің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. Сол асты бала ішеді, ол бойына дарып қанға айналады. Ал қан тегіне айналып, тұқым қуалайтын болса ұрпақ азғындығы содан басталуы мүмкін. Ұрпақ азды дегенің, ұлтты азды деумен тең. Сондықтан балаға 100 мектептің бере алмайтын тәрбиесін алдымен әке мен шеше беруі керек. Ал түп тәрбиені жақсы етіп дамыту, сол баладан білімді ұрпақ, білікті маман дайындап шығару ұстаздар қауымының бірінші кезектегі жұмысы болып табылады.
Қарапайым ғана мысал. Жаңа дайындалып жатқан құртты алғашқыда қандай пішінге болсын келтіруге болады. Арада бірінеше апта өтіп, ол қатайған соң басқа пішінге ендіру мүмкін болмайды. Сол секілді баланы да жастайынан еңбекқорлыққа, қалаған затына өзі қол жеткізуіне бейімдеу керек. Бұл ретте баланың дегенін орындай бермей, себепсіз «жоқ» деген жауапқа қанағат етуді де үйрету керек. «Балаңды аясаң аяма» деудің де мәнісі осында. Ол үшін отбасында баланың алдында әкенің мерейін үстем ету маңызды. Қарапайым ғана «әкеңнің киімін жоғары көтеріп қой», «әкең келе жатыр үйді жинаңдар», «әкеңнен сұра», «әкең біледі» деген сөздердің өзі балаға әкені асқар тау тұлға, биік бәйтерек етіп көрсетуі мүмкін. Сондықтан отбасында әкенің беделін жоғарылату, баланың болашағына тікелей байланысты. Әкенің қадірі жоқ үйден шыққан бала ертең ешкіммен тіл табыса алмас әумесер, сыйласа алмас су жұқпас болуы мүмкін. Ал әкенің үстемдігін көрмей өскен қыз бала да ертең барған жерінде ерін билегісі келіп тұратын кесір келін болуы ғажап емес. Отбасы, ошақ қасындағы тәрбиенің бала өмірінде маңызы осыныдай артықшылықтарымен ерекше.
Иә, ұлтқа қызмет етуде аянбай еңбек етіп, бүгінгі баладан парасатты тұлға, зиялы қауым тәрбиелеп шығатын ұстаздар қауымының да бұл ретте еңбегі еш, тұзы сор деуге болмады. Қанша таным сатысынан өтіп, бала тәрбиесінде өзін өзгелерге үлгі етіп көрсете білу де кез келгеннің қолынан келе қоймайтын жұмыс. Бұл ретте жауапкершілік жүгін бір кісідей арқалап жүрген мұғалімдерге айтылар алғыс ерекше. Баланың келешегі үшін сапалы білім, саналы тәрбие беруде мұғалімдер қауымы қандай құрметке болмасын лайық болуы тиіс. Мағжанша айтсақ, төрдегі орынды да ұстаздікі. Демек қай ел болмасын білікті маман, білімді ұстаз арқылы мақтана алады. Ал ондай тұлғалары бар елдің еңсесі биік, тұғыры мығым болмақ.

Айни ТАҒЫБЕРГЕНОВА,
Н.К.Крупская атындағы №14 мектеп-лицейінің мұғалімі