Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңақорғанда кәсіпкерлермен кездесу өтті

Жаңақорғанда кәсіпкерлермен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 12 сәуір күні Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Тұрсынбаев Дархан Есалыұлы мен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Әліпбаев Ерболат Әзімжанұлы «Protecting bussines and investments» жобасы аясында Жаңақорған ауданында бірнеше кәсіпкерлермен кездесу өткізді.
Кездесуге барысында кәсіпкерлердің құқығын қорғау, бизнес үдерістерді оңтайландыру және инвесторлар мен кәсіпекерлер үшін қолайлы бизнес климат жасау мақсатында Агенттіктің «Protecting bussines and investments» жобасы бойынша кәсіпкерлерге қысқаша анықтама берді.
Сонымен қатарсыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары туралы баяндап, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар берді.
Мәжіліс соңында кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен өңіріміздегі кәсіпкерлікті дамыту үшін біріге жұмыс жасауға шақырды.

Қазақстан Республикасының Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті

30 сәуір 2021 ж. 387 0