Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада шаңды дауыл тұрады

Қызылордада шаңды дауыл тұрады

2 мамыр күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Батыста атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Шығыста түнде жаңбыр аралас қар жауып, қатқақ болады. Республиканың кей жерлерінде тұман сақталып, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, жел соғады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с дейін артуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.

Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні күндіз 23-28 м/с жетеді. Шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 23-28 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Шаңды дауыл соғады.

Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, тұман күтіледі.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды, күндіз Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай соғады.
02 мамыр 2021 ж. 223 0