Коронавирус кесірінен Қазақстанда аналар өлімі артты

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, елде коронавирус ырық бермей тұрғанда, өзге де дерттерге қарсы тұруға мәжбүрміз. Бірақ пандемияға дейінгі қауқармен емес. Соның салдарынан аналар өлімі мен жүрек-қантамыр жүйесі дертінің құрбандары артқан.
«Саланың бірқатар маңызды көрсеткіші төмендеді. Бұл, ең алдымен, аналар өліміне қатысты. Көрсеткіш бір жыл ішінде 2,6 пайызға артқан. Сондай-ақ жүрек-қантамыр жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімнің 15 пайызға өскені байқалды. Мұның бәрі коронавирустық инфекцияның пандемиясымен байланысты», — деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Өткен жылы 427 мың нәресте дүние есігін ашты.
Жиында жасанды ұрықтандыру жайы да сөз болды. Биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы жеті мың квота бөлінбек. Репродуктивті технологиялар қызметін 27 клиника көрсетсе, оның 19-ы медициналық сақтандыру аясында жұмыс істейді.
kyzylorda-news.kz