Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Татуластыру шараларының нәтижесі

Татуластыру шараларының нәтижесі

Арал аудандық сотында бір жұмыс күнінің ішінде неке бұзу туралы және баласы үш жасқа толғанша алимент өндіру туралы екі талап сотқа дейінгі тәртіппен реттелді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне енген соңғы өзгерістерге сәйкес, судья талап арызды соттың өндірісіне қабылдамай тұрып, он жұмыс күні ішінде татуластыру рәсімдерін жүргізеді.
Осыған орай, татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында, отбасылық құндылықтардың маңыздылығы туралы айта келе, дауды татуластыру рәсімдері бойынша шешуді ұсынып, медиативтік келісім жасаудың артықшылықтары мен салдарын түсіндірген. Нәтижесінде тараптар татуласып, некелерін сақтап қалу жөнінде медиативтік келісімге келген.
Сот ұйғарымдарымен келісімдер бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
04 мамыр 2021 ж. 261 0