5 мамырға арналған ауа райы болжамы

Елдің тек солтүстік және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде екпінді жел, тұман күтіледі. Оңтүстікте және батыста шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аумағында бұршақ күтіледі, кей жерлерінде желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Түркістан, күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. Түнде және таңертең Маңғыстау облысында тұман болады.
Батыс Қазақстан, Қарағанды, түнде және таңертең Қызылорда, күндіз Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде және таңертең тұман болады.
kyzylorda-news.kz