Нұрсұлтан Назарбаев: Азық-түлік тапшылығын біз міндетті түрде сезінеміз
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Назарбаев ең бірінші әлеуметтік инфрақұрылымға баса назар аудару керектігін атап өтті. Ол алдағы жылдары дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар нарығын құру саласында барынша прогреске қол жеткізу қажет деп санайды.
«Екіншісі – азық-түлік қауіпсіздігі, агроөнеркәсіп саясаты. Азық-түлік тапшылығына жол бермей, бүкіл кеңістікте бизнесті дамытуға жағдай жасау керек. Біздің одақтың аумағында халқымызды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін барлығы бар. Тек соны дұрыс жоспарлап, кооперациялап, дұрыс байланыстырып, біздің аумақта бар дүниені басқа елдерге жеткізу керек. Азық-түлік тапшылығын біз жуық арада міндетті түрде сезінеміз», – деді ЖЕЭК құрметті төрағасы.
Назарбаев бұл ретте сыртқы байланыс маңызды рөл ойнайтынын атап өтті.
kyzylorda-news.kz