Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда: Азық-түлік тауарларына шекті баға бекітілді

Қызылорда: Азық-түлік тауарларына шекті баға бекітілді

Қызылорда облысында аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті баға бекітілді.
«Аймақта 11 мамыр мен 20 мамыр аралығында күнбағыс майы, тұз, картоп, сәбіз және пияз өнімдерінің бағасы жоғарылап, жұмыртқаның бағасы төмендеді. Қалған өнімдерге баға тұрақты. Сондай-ақ, 10 дана жұмыртқа 430 теңге, 1 литр күнбағыс майы 632 теңгеден асырмау бойынша облыс әкімінің қаулысы қабылданды», – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнұр Тілеулеева.
Қазіргі таңда облыстың тұрақтандыру қорында 819,8 тонна тауар бар. «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-на қарасты 29 әлеуметтік дүкенде тауарлар белгіленген бағада халыққа ұсынылуда.
«Біздің дүкендерде 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері белгіленген бағада сатылуда. Сондай-ақ, дүкендерде тұрғындардың арыз-шағымын білдіретін журналдар мен сенім телефондары ілінген. Алдағы уақытта Қызылорда қаласында 10 дүкен ашу жоспарлануда. Оның 5-нің құрылысы басталды. Қалғандарының құжаттары дайындалуда», – деді -«Байқоныр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Жақыпбаев.
Өңірде шекті бағаларға мемлеккеттік бақылау үздіксіз жүргізілуде. Профилактикалық бақылау нәтижесінде шекті мөлшерден асып кету фактісі анықталған жоқ.
«Әлеуметтік дүкендердегі бағаны үнемі бақылауда ұстаймыз. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі де жалғасатын болады. Рұқсат етілген бағаны мөлшерінен асырса 100 АЕК, қайталанған жағдайда 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады», – деді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы сауданы дамыту бөлімінің басшысы Нұрлан Шырынбеков.

kyzylorda-news.kz​​​
25 мамыр 2021 ж. 402 0